Кілт күттірткен уақыт! (өз туындым)
Кілт күттірткен уақыт!  (өз туындым)

Кілт күттірткен уақыт! 

Таң қылаң беріп, ұялған қыздың кейпіндей Күн шығып келеді. Шыққан Күнмен жарысып тіршілік те тыным таппауда. Күндегі сол үйреншікті құбылыс: бірі жұмысқа, бірі оқуға асығып, аптығып бара жатыр. Күндегі асығыс, күндегі бітпейтін тіршілік, "қалай нан тапсам?" -деп жүрген жыбыр-жыбыр адамдар. Соның бірі болып мен де жұмысқа беттедім... 

...Офис есігі кілттеулі екен, кілт ұстағыш апамыз ұйқымен арпалысып жатқан болар. Күтуге тура келді. 

Сол мезет жұмыстас инженер ағамыз да келіп уақытты қысқартқан іспетті әңгіме өрбітті. Түйсікте жаттаусыз-ақ қалдырар бір оқиғадан баяндап берді. Осыдан алдын мен оның салынып жатқан үйінің халін сұрап едім бәлкім ұшқынын осыдан алған болса керек: 
- Эй(сукун - кілт тоқтап), -деді, - Үй бітпей жатыр, ақша жеткізбейді. Сосын сөзін жалғап: 
-Осыдан 5-6 жылдықтың арғы жағында Ленинградтан бір орыс келген. Құрдасымның үйіне қонып, таңқалысыпты. Орыс айтады екен: "Осы сіздердің салынып жатқан үйлеріңе қарағанда , анау қабірдің үстіне салынған ғимараттарың әлдеқайда әдемі де биік екен, күмбезі бар, тал-терегі өсіп тұр, сіздерге қарағанда өлген адамдар жақсы тұратын сияқты ғой " - деп күлісіпті. 

-Сонда қасында тұрған құрдасы бұл жағдайын түсіндіргендей болып:

- Себебі біз мұнда уақытша тұрамыз, ал олар онда мәңгі жасайды ғой....))) Осылай "сөз тапқанға қол жоққа" салысып тағы бір күлістік. 

Мен де сөз қозғап Нұх алиһисәлямның қиссасынан әңгіме еттім: 
- Нұх пайғамбар кезінде адамдар 1000 жылдай өмір сүріпті. Пайғамбар кезекті өзінің бір уағызында үмбетіне қарап былай деген екен: 
- Соңғы пайғамбар келеді, оның үмбеті бар болғаны 60-70 жыл ғана өмір сүретін болады (яғни, бізді айтып жатыр).

Сонда Нұх пайғамбар заманының адамдары таңқалысып: 
-Егер біз сол дәуірде өмір сүретін болсақ құлшылықтан бас алдырмай өтетін пе едік ?!, - десе, енді бірі: 
-Ол замандағы адамдар онда мүлдем үй салмайтын шығар? - десіпті.

Сонда Нұх алиһисәлям пайғамбар тұрып: 
-Жоқ, олар аз ғана өмір сүрсе де 2-3 ғасыр тұратындай үй салады, -деп қазір болып жатқан жайтты айтып кеткен екен. 

Осылай мен де сөзімді бітірдім, кілт арқалаған апамызда таксиден топ етіп түсті де әңгімемізге нүкте қойды. 


Енді білмедім, барынша тартымды жеткізуге тырыстым. Дегенмен, бұл әңгіменің басы-қасында болғаныңызда әлдеқайда түсінікті те ғибратты ой түйер ме едіңіз?!

Али УзакбергеновАли Узакбергенов
9 лет назад 4624
1 комментарий
  • Қаламыңыз ұштала берсін. Әрине ғибратты әңгіме екен. Арпалысып жүріп өмірдің өтіп кететінін білмейміз ғой. Сол үшін амал жасайық.
    9 лет назад
О блоге
Прямой эфир