Ит пен адам
Ит пен адам
Көкек айы. Сағат түскі бір жарымнан 45 минут өткен кез. Қала ішіндегі ауылдың филиалына ұқсас, шатыры жерге жақын үйдің жанынан өтіп барам. Ойымда алда-жалда біреу келіп мазамды алады-ау дегенде жоқ. Кенет бір ит үріп, үш күн азықтанбағандай  ұшқыр тістері мен үш күн су ішпегендей сілекей толы ұртын көрсетіп, жанымда қасқайып қауып тұр. Қауіпті қалыптан қорыққан келбетім оң жағыма көз қарашығын ғана итеріп қарады, жүрегім аузыма тығылмақ түгілі, мұрныма келгендей қорқыныш үстіндемін. Ішімнен:  "мен саған не істедім?, өзіммен өзім,  сенің қожайыныңа тиіссіз жермен өтіп бара жатыр едім ғой, соншама менде қарызы қалып қойғандай қарағаны несі ?"  деп толғанып барам. Толғанғаным сонша толғағымнан ернімнен аятүл туып,  аузымнан аят шықты. Жан тәтті ғой. Ажалы иттен келген үш жасар сәбидің үш жылдық тағдыры (әнәугүні жаңалықтан естіген) қорқынышымды үдете түсті. Анау айуан әлі тұр қадалып, өздігінен тиісіп маған мазамды әбден алды. Былай қарасам мен оған ештеңе істемеген сияқтымын.Біреумен шатастырып алған шығарсыз дейін десем, мақлұқ тілімді де түсінбейді ғо құрғыр! Осы жазбаны оқып отқаныңызға қарағанда мен әлі тірімін. 
Ал, енді айтпағым не? 
Адамдарда да кейде осы айуанның кейпіне жиі енеді. Құрдан құр жағаңа жармасып, мазаңды алады. Өткенде бір,  автобусқа мінген едім.( тағы да автобус демеңіз). Енді бос жерге жылжи саламын ба дегенде артымнан бір апай итеріп жіберіп, "әрі тұр, ей" деді. Әрі тұруынды тұрдым ғой. Бірақ апайдың тілі бір орнында тамылжып тұра алмады. Орнына отыра сала, бастады ма дейсіз балағат пен былапыт сөздерді. Әрине, менің мекен-жайыма. Жазығым сондағы 5 секундтық әрі жылжуымдағы баяулығым болатын. Өтірік айтсам, Құдай куә. Әке-шешеме шейін шырылдатты-ау шіркін сөзінде. Мен үнсіз-ақ" Алла сабырлыларды сүйеді, сабырлы болған сайын сүйеді" деп іштей жұбаныш тауып тұрдым. Жанды дауыспен апай аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығуда. Алғашында ішіндегі жолаушылар маған болысып жатқанды, кейін олар түсіп басқасы мінгенде енді анау апайды емес мені кінәлай бастап, сұқтанып ала көзбен қарауға көшті. Әлгі апай үрсе де, көш жүріп 4 аялдаманы өткіздік. Бұрыңғы адамдардан кондуктор мен жүргізуші және әлгі апай қалды. Түскенімше былапыттап бітпеді. Шынында, іштегілерге, масқара болғандай болдым. Жай ғана болмашы нәрседен бастап, таудай мәселеден асырып тастады.Құтты, енді сценарий ауысқандай.Соңғы мінген жолаушылар сценарийдің түпнұсқасын қайдан білсін. Кейін Абай атамыздың сөзі есіме оралды. " Ит қапты екен деп, мен де қапсам адамдығым қайда?" демекші адамдықты сақтағандай болдым. Түйін: ақыл иесі болған адамның санасыз айуанның кейпіне енуі жиілеп барады. Сол жиілікке сиректік орнатайықшы деген менде бір өтініш. Ылайым, Раббым біздің бейнемізді көркем қылып жаратқандай, мінезімізді де көрікті еткей.Әмин.
Али УзакбергеновАли Узакбергенов
9 лет назад 8544
5 комментариев
  • Астарлап жақсы жазыпсыз.
    Ит қуғанды жақсы білем, ит қуып, тағы да таланбай жерге оңбай құлап 1 апта жараларым жазылғанша отырып, тұра алмай қалғам. Есіме түсіп кетті.
    9 лет назад
  • Керемет! Мәнді де сәнді әңгіме. Жақсы мысал екен!
    9 лет назад
  • Али, сенің, сенің мақалаңды оқып, бір жағынан қуандым. Оған себеп: тілің өте жатық, жағымды. Дегенмен, "удай". /әзілім ғой/. Сенде сатира жанры сайрап тұр. Екінші жағынан, осы "удай" шындықтан сабақ алдым. Өткенде бір танысым /әйел кісі/ мешітке намазға барыпты. Дәрет алайын десе, едені былғанып, көлкіп жатқан соң, сол жерде тұрған швабрамен /еден сүртетін шүберек/ еденді бір сүртіп алғысы келген ғой. Сөйтсе, дәрет алып отырған бір әйел адам, мешіт қызметкері екен деп қалса керек, "ыстық су қайда?" деп жерден алып, жерге салыпты. "Мен мешіттің қызметкері емеспін, жай қарапайым өзіңіз сияқты келушімін"- десе әлгі әйел зіркілдеп қоймайтынға ұқсайды. "Құрдас, дәреттің машақаты көп болған сайын, оның сауабы да арта түседі. "Алла" деп дәрет алсаңыз, ауырмайсыз, жылы судың уақыты біткен. Жылыту маусымы аяқталған соң, ыстық су өшірілген."- деп әрі-бері қашқақтаса, әлгі кісі тап -тап береді дейді. Аузына неше түрлі "иттер" кіріп, неше түрлі "иттер" шығыпты. Арасында мешіттің су жүйесіне жауап беретін адамдар да әлгі кісінің "талқысына" ілініп кетсе керек. Айналада әжетханаға топырлап кіріп-шығып жатқан намазхан қыздардан қолдау таппаған соң, ана кісі бұрынғыдан да үдете түседі. "Мен мықты екем, ешкім маған қарсы келе алмайды екен" деп қалған болуы керек. Ол қыздардың неге үнсіз-түнсіз тастай сумен дәрет алып жатқанынан бейхабар болса керек. Ақыры, менің танысым еденді сүртіп, құрғатып, салқын сумен дәрет алып шығып кетеді. Ал әлгі әйел өзінің "стилінде" "монологын" жалғастырып жатты дейді. Иә, күлеміз-ау... Орыстар айтады ғой: "и смех, и грех..." деп...
    9 лет назад
    • Өкінішке орай, осындай іс-әрекеттер мен сөздердің иелері дінімізді халыққа танытушы ретінде танылатынына қынжыласың. Сондайлардың кесірінен асыл дінімізге кір келуде. "Менің күнәм үшін мұсылмандарға зиян тимесін" деп дұға ететін Хазіреті Омардан (р.а.) үлгі алып, дінімізді дұрыс ұстанып, басқаларға да жақсы үлгі бола білуді Аллаһ барлығымызға нәсіп етсін!
      9 лет назад
  • Ия, иттерден аман қалсаң, шын адам болғандығың болса керек. Ин ша Алла солай болғай...
    9 лет назад
О блоге