Бір күніңді - отыз күніме айырбастаймын!
Бір күніңді - отыз күніме айырбастаймын!

Минуттардың қадірі артып, өзінен бұрын оятатын әр таңы бар Рамазанның жетінші күні.

Әлеке! -деді: - Әллө! - деп, басталған мендік үннен соң:

- Әбед ішкен алты күнім артта қалды. Енді,ертеңнен бастап ауыз бекітсем, қалай болмақ? 
- Жоқ, бітті сен енді құрдымдасың, алты күнің алпыс болды! -деп айтуға кімнің қақысы бар еді. 
- Бисмиллә, бауырым, ендеше!

Сырттан тон пішу оңай ғой.

Алты күннің астарына артылған айып не? 

 

- Телефонның үн шығарғышы үнменен бірге күрсінген бір леп әкелді. Лептің ішінде тақырыптың бар мазмұны жатқан болатын. 
- Жұмысым мүмкіндік бермейді. Дәлірек айтсақ бастығым қарсы. 
- Басшыңның көзге көрінбейтін құлшылықты байқағаны қалай? -дедім. 
- Ол, аштық- біздің жұмыс жасау қабілетімізді бәсеңдетеді деп түсінеді.
- Ия, ол ораза ұстаушының жұмысына Алла екі есе береке берерін білмесе болар:

- Нұреке, оразада адамның ауызынан аштықтан шығатын жағымсыз иістен бөлек, мінезден де жаман қылықтары көрінетінін байқадым. Сіз, бәлкім, көңіл күйіңіздің төмендігімен білдіртіп алған боларсыз - дедім ақылгөйсініп.
- Әлеке, біз Мақсат екеуміз ғана ұстаймыз. Жұмыс уақыты арасында екеумізді басшы өз кабинетіне шақыртып алып, алдымызға екі стакан су қояды да, іш деп бұйырады, ішпеске амал жоқ! Қалада, кеңседе жүріп ұстауға мүмкіндік болмаған соң, қаланың сыртына жұмыс барысымен жөнелтуді бұйырғанда, қуана келістім. Мені мен ораза арасындағы кедергі орбитасынан алыстап, кеңседе кемсінгеннен, жырақта жүріп күн астында қақталғаным қайырлырақ! 
- "Апырай, адамдар мезгілсіз ауыз ашуға сылтау іздеп жүргенде, мұның ауыз бекітуге себеп іздеп жүргенін-ай!"  - деп іштей сүйсіндім. Рас-ақ, ол барғалы тұрған объектілерге әр ерікті бара бермейтіндей ыстық болатын. Сүйте тұра, оразам деп шырылдап, оразама оралсам деп зуылдап бес күнделеп бес күнге тек алыс аймаққа кете барды. Маңғыстау ыстығы, мал қыстайтындай жылы болғанымен, жазы, жарықтық, жаз ғой нағыз! Әркімнің жазы өз ішінде. Бірақ, Ерболдың жазы сыртында болатын. Нұрланның хәлі осындай, Нұрекем ер екен! Енді, Ерболымды айтайын. Ер болсаң Ерболдай-ақ бол! 
- Ереке, қалыңыз қалай, Ораза қалай өтіп жатыр? - офисте он істі тындырып, тал түстің үстемін, әрі Күннің ыстығын көрмей жүрген мен үшін, менің құдығымнан көрінген тар аспан түсінігім бойынша, ораза жеңіл  өтіп жатқандай болатын. Бірақ, Ерболдың ер боларлықтай ерең еңбегін еленіп кеп алдымызға нан боп түскенде бір байқаймыз ба, жоқ пе еді? Ербол наубайханада жасайтын. Жапалақтай таңға дейін көзі ілінбейтін. Сәреде әр сөреде талай ыстық нанның буында оның да бір үлесі тұратын. Көзі тозақта күймейтін екі топ бар деуші еді:Ел күзеткен күзетші, түнімен сәжде етуші, бәлкім үшінші топ бар болса, Ербол сенің ісің болар ме еді деп ойладым. Астапыралла! не деп кеттім! 
Ербол: 
- Құдай шүкір жақсымыз! Таңда төрт жарымда ауыз бекітеміз. Одан кейінгі бір жарым сағатым кейін үйге келіп демалатын жарты күнімнен ұзақ боп көрінетіндей болады. 
- Ия, рас-ақ пештің ыстығы "кештім бұзығым бар ісіңді" деп бар күнәсін жуып жатқан болар. Бірақ, "сабыр, яки сынақ" деп онсызда жаны күйіп, ерні кеуіп, ыстықтан шыққан досыма жылы сөз айтуым артық болар дедім де көше басынан әңгімемізді үзіп кете бардым. Сынағыңдағы сауабың, әркім ақысын алар күн, сыңарың болсын шырағым, Ербол! 

- Оразадан бұрын үйленген Қайырбекке "нағыз сынақ сенікі шығар" деп күлуші едік! Нағыз сынақ Ерболдікі екен-ау! 
- Сексен мың теңге айлық алып жетпіс мыңына ауызашар берген Қанаттың қанаты болар сол бір күн. Жомарттығың жолыңдағы рызығыңды арттыра берсін Қанатым!
- Әңгіме басындағы Нұрлан ше, оған не болды? Білмедім. Ертең "Райан"-да жүздескенде сұрармын. Жоға, сіз ойлаған Райан емес. Өлмей жатып жұмаққа кіре салатындай онның он бірі дейсіз бе? ИншАлла, жақсы сөз жарым ырыс. Мен айтқан Райан он бірінші шағын аудандағы ауыз ашатын асхана болатын. Бірсігүні жүздесетін жеріміз. 
- Жеті мыңға Маңғышлақ -Алматы поезд билетін алып, он жеті мыңға жолашар жасаған Елдос досымның күз бен қыс бойы үзбей ұстаған алпыс күн оразасын Нұрлан да қайталамақ түрі бар! 
-Елдос-ау жеті мыңға мына дастархандағы он жеті мыңыңда қосып ұшақпен кетсең де ренжімеуші едік ғой, - деген едік. Сол Елдос та бүгіндері еліне дос болып Отан алдындағы қасиетті борышын өтеп Талдықорғанда жүр. Әскер демекші, қатардағы жауынгердің бір үлкен ғалымға жазған хаты есіме келіп тұр. Онда әскерде жүріп, ораза ұстаған жігіттің хәлі баяндалған болатын. Жаны бұл асыл құлшылықты қанша орындауға тырысса да, тәні төзбеді. Күнде таңда тұрып үш шақырым жүгіру деген аузына су түсетін адам үшінде оңайға соқпасы анық. Оның үзір сұрап жазған хатына ғалым былай деп жауап қатыпты:
- Сенің сонда жүріп бір күн ұстаған оразаңның сауабына  - менің осында жүріп отыз күн ұстаған оразамның сауабына айырбастар едім!
- Не дейді, Құдай- ау! Нұрланның жырақта жүріп, Ерболдың аптап ыстықта күйіп, Елдостың күзетте тұрып ұстаған оразалары менің кеңседе отырып бекіткен ауызымнан әлдеқайда абзалырақ болғаны ғой! Мұны Алланың өзі де айтқан жоқ пе еді:
...Ораза мен үшін, оның сыйын мен берем! ...
Ия, мен бай емеспін, бір-ақ менің байлығым осы достарым екен ғой!
Алла, өзіңе лайықты түрде құлышылық қылатындар еткей! Әмин!

Али УзакбергеновАли Узакбергенов
6 лет назад 3943
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир