II-бөлім. Ей, Ұрлықшы мырза!
II-бөлім. Ей, Ұрлықшы мырза!

II-бөлім. Ей, Ұрлықшы мырза!  

Бір күні хазреті Бәһлүл Дананың үйіне ұры түсіп, үйден тапқан нәрсесінің барлығын алып кетеді. Таң атқанда хазреті Бәһлүл Дана тұрып мазаратқа барып, мазаратқа кіретін есіктің алдына отырып алады. Бұл жағдайды естігендер: 
- Не үшін ұрының ізіне түспедің, неге бұл жерге келіп отырсың? – деп сұрайды. Хазреті Бәһлүл Дана: 
- Жолынан адасқан ол адамды осы жерде күтіп отырмын,- деп жауап береді. Бұл сөзге сол маңдағылар күледі. 
- Аллаһ оңынан қайырсын, ол адам бұл жерге келіп қайтеді? – дейді әлгі адамдар. Оларға хазреті Бәһлүл Дана: - Сендер уайымдамаңдар, ол міндетті түрде бұл есікке келеді. Ажал оны бұл жерге әкеледі – деп жауап береді. Бұл сөзді естіген сол жердегілер терең ойға шомады.

Қабір деген бір қуыс жерге түспейтін пенде бар ма? Ажал деген алпауыттан құтылып көрген адам бар ма? әрине жоқ, Менен егер, неге ұрлықшыны жібере салдыңыз деп сұраса, мен оған: қалқам, жоғарыда айтылғандай Бәһлүл Дана кейпіне еніп алып, соның әрекетін қайталау үшін жасадым дер едім.

Үш адамда иман болмасы анық, соның бірі -ұрлықшы. Оларды ата заңмен қудалап бостандығынан айырғанша, шариғатпен шырылдатып екі қолынан айырған әлдеқайда жақсы болар еді. Қасқыр көксерек ит қорасында итше бапталса да ит болмады, орманға қарай үре берді. Адами құлықтан ауытқыған адамның баласы ауруын қалдырса да әдетін қалдырмақ емес. Екі қолдың жоқтығы ұрлықтан шектері сөзсіз. Кезінде бір сахаба мүшріктермен соғыс алаңында шайқасып жатырып, Алладан дұға тілейді екен. "Уа, Раббым, мені құлағым, көзім, қолым, аяғым кесілген күйде шахид қыл" деп. Алла тілегін қабыл етіп, денесі порша-порша болған күйде жан тәсілім етеді. Себебі, бұл мүмін Алланың алдына күнә жасаған мүшелерімен барудан қорыққан еді.

Ал біз ше? Ал сіз ше? Ұрлықшы мырза анау екі қолды ақиретке тәубесіз күйде арқалап кетпексіз бе? Ауыздар кісенделіп, күнә жасаған мүшелер сөйлейтін күнге ол қолдарды қалай дайындап жатырсыз? Олар әлемнің Раббысы алдында ақиқатты жасырып қалады деп ойлайсыз ба? Бір тән арқалап, бір шен таққан полицейден үрке қашасыз да? ғаламды жоқтан бар еткен Алладан тайсалмайтыныз қалай? 

Бір күні бір өте бай шал біраз жасқа жетіп қайтыс болады. Өлер алдында ұлдарына өсиет қалдырады екен: Мен елген соң қабірімде бір күн түнеген адамға малымның мынанша бөлігін берместен, өздерің бөліп алушы болмаңдар. 
Ұлдары әке өсиетін орындауға кіріседі. Бірақ ешбір адам көне қоймайды. Ақыры бір ғана бір жарым метрлік жібінен басқа дүниесі жоқ пақыр кедейді тауып, соны көндіреді. Байғұс ол да мұнан басқа ештенем жоқ нем кетер дейсіңге салып келіседі. Кедейді қабірге салып әкесінің қасынан жатқызып үстін бастырып кетеді. Бірер сәт екі періште келіп, өлі мен тірі адамды көреді. Өлген адам қайда қашар дейсің, алдымен тірісін тергейік деп пақыр кедейді сұрақ астына жаудыра бастайды. Бір күн өтеді, кедейді қабірден шығарып ұлдары бәрекелді малыңды ала ғой десе, реңі сұп-сұр болып кеткен кедей атып тұрып, мен бір күн бойы бар болғаны бір жарым метрлік жібімнің қалай келгені, қайдан алғанымды, неге қолданғаным үшін сұралдым, бір жіптің сұрауы осы болса, мынау шұбырған мал-дүниеге қалай жауап бермекпін деп, ала жібін ала қашып кетіпті. 

Бір жіптің ақысы осылай тергелген болса, Ей, Ұрлықшы мырза сіздің кейпіңіз не болмақ? Бар тілерім Алла хидаят берсін сізге!

Али УзакбергеновАли Узакбергенов
10 лет назад 6619
2 комментария
О блоге