Қоғамдық көлікте болған оқиға немесе соңғы амал.
Қоғамдық көлікте болған оқиға немесе соңғы амал.

 Таң. Таң дейтіндей де таң емес, Күн көзі көріне бастаған кез. Асан сағатын қараса, Алланың бүгінгі таңғы құлшылыққа берілген уақыты келмеске кетіп қалыпты. Алдында анасы жайған жайнаған дастархан болса дағы, гүлденген киімі "гүл-гүл" болып тұрса-дағы мазасыз күйі сол қалпы жанын сыздатып барады. Жиырма минуттық даярлығынан соң, ұясынан жем іздеп шыққан құстардай жапырылысқан жұртпен бірге жұмысына беттеп келеді. Аялдама. Қызықтың көкесі де осында. Жас талғамай құшағына кіргізетін коропкадай пішіні бар қоғамдық көлік бір жағынан, көңілі кеңдігінен ба, адам санын да талғамай бірінен соң бірін сыйғызып жатыр. Қайтсін, енді, жұмысқа асыққандардың көзіне сабырлық көрінсін бе?! Құтты бір автобус деген патшалыққа кіргендейсің. Кондуктор деген сақшының айқайымен өз тәнің ары да итеріліп, бері де итеріліп бір бітпейтін ортаға таман қозғалып келеді. Аялдама үстіне аялдама. Бірі түседі, бірі мінеді.

Кенет. Автобус бірден алға тез ытқып, кейін кілт тоқтап, осы қылығын бірнеше қайталап адамдардың мазасын қашырды. Техникалық ақау. Ақыры аялдамасына жете алмай тұрып бітті. Асан артқы есік жақта тұрғанды. Алдыңғы жақтан бір әйелдің шыңқырған ащы дауысы шаңқ етті. Әйел, шіркін, эмоцияның бүткіл әдісін жинақтаған жандар ғой. Адамдар, шыққан түтін мен өрттің көрінісінен емес, әйелдің дауысын негізге алып есікке жапырылыс жатыр. Есік әлі де жабық.

- Ойбай, аш есікті, аш! - қысқасы жан керек. Әрине, жан кімге керек емес. Бәрі де қартайып, немересін көріп барып өлгісі келеді. Бірақ, ажал жас талғасын ба?! Өкінішке орай ..........! Әзілдеймін ешкім де жер кұшқан жоқ! Әзірше.... (әрине түбінде бәрі де өледі ғой).

Асан: - Енді қайттім? Қазір өлім кетсем, Алланың алдына таңғы құлшылықты орындамаған күйде барамын ба? Әттең, жұмысқа асықсам да қазасын оқып шығуым керек еді? - деген ойлар мазалап, аузын кәлимаға келтірумен болды. Өз басы түтін мен өртті көрмесе де, әйелдердің сол оқыс жайтқа берген айқайға ұласқан дауыстары қорқыныш үстіне үрейін үдетіп барады. Ылғи да осындай, Асан бір құлшылығын қаза қылып алса, әйтеуір бір апатқа ұшырай сала жаздайды. Өткенде анау, бір ұрыдан аман қалғаны. Осыны енді түсінгендей! Бір терең ойға шолып кетті.

Жә, жетер. Автобустың ішіне оралайық. Есік ашылды. Есік ашыла сала кондуктор жапырылысып жанын түйіншікке түйіп шыққан жандардан жолақысын жинап әлек. Ой, тоба! адам жанын ойлап жатса, мұның жолақысын алалмай қалам ба деп әркімнің бетіне бір бақырайып қарағанына жол болсын! Өз діттеген жеріне жете алмаса да, кондуктордың суық келбетіне бір қарап Асан тиынын берді де түсіп кете барды.

Ал, енді айтпағым не?! Әрине, бұл әңгімемде философиялық терең мағына жатыр деп айта алмаспын. Бәлки, біреудің уақытын ысырап еткізіп оқытқан да шығармын. Бірақ, түсінгенім. Әр ісіміз, әр құлышылығымыз осы дүниеде соңғы болып қалуы бек мүмкін екен. Ең өкініштісі, соңғы ісіміз Алла разы болмайтын кейіпте кетсек, хәліміз не болмақ?!

Ажал Асандай бойдақ түгілі, теңізден қайықпен жүзіп өтем деген босқын сәбиге де келмеп пе еді? -деймін да! Короче, менде ВСЁ!

Али УзакбергеновАли Узакбергенов
9 жыл бұрын 5614
0 пікір
Блог туралы